Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда барда ер адамның бетіне оқ атқан күдікті ұсталды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтаудағы барлардың бірінде болған жанжал кезінде ер адамның бетіне «Аңшы сигналы» іске қосу құрылғысымен оқ атылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда жүргізушіні тапашамен қорқытқан азамат ұсталды
Фото: Pexels

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 шілдеде Ақтау қаласындағы барлардың бірінде болған. Екі азаматтың арасында жанжал туындап, олардың бірі «Аңшы сигналы» іске қосу құрылғысын қолданып, екінші азаматтың бетін жарақаттаған. 

- Аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы метросында төбелескендерге айыппұл салынғанын жазған едік.