Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды

АҚТАУ.KAZINFORM — Ақтау қаласында 22-26 шілде аралығында дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады.

Ақтауда дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Әкімдіктің ресми ақпаратына сүйенсек, бұл шектеу оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты қабылданып отыр.

— Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетінде тіркелмеген және белгіленген тәртіппен есепке қойылмаған пилотсыз әуе кемелері (дрондар) анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатынын ескертеміз, — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Бұған дейін дрондар мен жасанды интеллект энергетикадағы ақауларды ерте анықтауға мүмкіндік беретіні туралы жаздық.