Ақтауда ер адамды иттер талап өлтірді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда күзетілетін көліктер тұрағы аумағына кіріп кеткен ер адамды бірнеше ит талап тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқыс оқиға қала маңындағы «Радуга» гаражында таңғы сағат 4:30-дар шамасында болған. Күзеті бар аумаққа заңсыз кірген ер адамды мұндағы бірнеше ит талап тастаған. Денесінің сау тамтығы қалмаған адам облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда, көп қан жоғалтқан ер адам көз жұмды. Оның аты-жөні және тұрғылықты мекенжайы белгісіз.

Сондай-ақ оның ішімдік ішкені анықталды.

«Алдын ала ақпараттарға сәйкес, ер адам күзетілетін жеке аймаққа бас сұғып, дене жарақатын алған. Аталған дерек, Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті облыстық ПД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.

Соңғы жаңалықтар