18:13, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Ақтауда газ толтыру стансасы отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 28 «А» шағынауданында «Ақнұр» газ толтыру стансасында өрт болды, деп хабарлайды lada.kz.

Ақтау өрт сөндіру қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір газ тарату колонкасы жанған.
Оқиғаны көрген Жасұлан Жаймұхановтың айтуынша, өрт шамамен 15:50-де басталған. Қала тұрғынының пікірінше, жүргізушілердің бірі газ құю шлангасын орнына қоюды ұмытып кеткен болуы керек. Өрт сөндірушілер бригадасы келгенше газ толтыру стансасындағылар газ беруді тоқтатқан. «Тілсіз жау бірнеше минуттың ішінде ауыздықталды»,- дейді Ақтау өрт сөндіру қызметіндегілер.