Ақтауда қалалық перзентхана мен кардиохирургиялық бөлім ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық аурухананың жанынан ашылған кардиохирургиялық бөлім Елбасы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр.
Соңғы жылдары Маңғыстау облысы қанайналым жүйесі ауруларынан туындайтын өлім мен мүгедектіктен республика бойынша алғашқы орында тұр.
Жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу және емдеу істерін жүргізетін кардиохирургиялық бөлімнің жабдықталуына республикалық бюджеттен арнайы қаржы қарастырылып, Жапония, АҚШ, Германия, Финляндия, Израиль, Франция елдерінен медициналық құрылғылар сатып алынды.
Маңғыстаудағы биылғы «Ана мен бала» жылына байланысты Ақтау қалалық перзентханасы күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жабдықтауға облыстық бюджеттен 67 млн. теңге бөлінген болатын.
Жыл аяғына таман пайдалануға берілген қалалық перзентхана мен кардиохирургиялық бөлімнің ашылу рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев пен облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.