Ақтауда «Каспий жылу, су арнасы» МҚК-ға жаңа басшы тағайындалды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ықылас Көшербаев «Каспий жылу, су арнасы» МҚК басшысы болып тағайындалды.
«Маңғыстау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Бешпаевтың 5 қарашадағы бұйрығымен аталмыш кәсіпорынға жаңа басшы - Ықылас Көшербаев тағайындалды. Бұған дейін ол «Қала жолдары» мемлекеттік кәсіпорнын басқарған. Сондай-ақ, Ықылас Көшербаев Ақтау қаласы мәслихатының депутаты», - деп хабарлады Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінен.