Ақтауда Қазақстан өндірушілерінің Конгресі өтті

АҚТАУ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау қаласының «Нұр Плаза» қонақ үйінде Қазақстан өндірушілерінің Конгресі өтті, оның ұйымдастырушылары - Қазақстанның «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және Маңғыстау облысының әкімдігі.
None
None

Конгреске ҚР Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ұлттық компаниялар мен олардың еншілес құрылымдарын қоса алғанда 150-ден астам қазақстандық өндірушілер қатысты.

Конгресс отандық өнімдер мен қызметтерді өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасындағы сындарлы қарым-қатынас үшін диалог алаңына айналды, сондықтан оның жұмыс барысында қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызмет сапасы, жеткізу қағидаттары, отандық өндірушілер мен жеткізушілердің жауапкершілігі, сапалы, экологиялық таза өнімді алға жылжытудағы өзара тиімді ынтымақтастық проблемалары қарастырылды.

«Шараның басты мақсаты - іскерлік әріптестікті жеңілдету, қазіргі проблемаларды шешіп, өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беру», - деді Қазақстанның «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәбденов.

Соңғы жаңалықтар