Ақтауда «ҚазАзотқа» атмосфераны ластағаны үшін 8,5 млн теңгеге айыппұл салынды

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облыстық экология департаменті «ҚазАзот» компаниясына қатысты Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

ҚазАзот
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Нәтижесінде қысқа мерзімді апаттық жағдайда атмосфералық ауаға ластаушы заттардың таралғаны анықталды. Заңбұзушылық Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергия блоктарда болған апаттық жағдайларға қатысты болған.

— Тексерулердің қорытындысы бойынша кәсіпорын ҚР ӘҚБтК 328-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «ҚазАзот» зауытына 8 552 901 теңге көлемінде айыппұл салынды. Өңірлік экология департаменті алдағы уақытта да табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша шараларды қабылдайды, — делінген хабарламада. 

Бұған дейін, «КазАзот» зауытында оқыс оқиға болып, жұмысшылар зардап шеккен болатын.

Соңғы жаңалықтар