Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда қызға зорлық көрсетемін деп қорқытқан ер адам 30 тәулікке қамалды

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда жағалауда қызға зорлық көрсетемін деп қоқан-лоқы жасаған ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тиісті шешімді Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты шығарды.

Ақтауда қызға зорлық көрсетемін деп қорқытқан ер адам 30 тәулікке қамалды
Видеодан алынған скрин

Оқиға 2 тамыз күні қала жағалауында болған. Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның қызды жібермей ұстап тұрғаны және оған зорлық көрсететінін айтып қорқытқаны көрінеді. Оқиғаға куә болған тұрғындар жанжалды тоқтатуға әрекет жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған. Оның кінәсі полиция ұсынған материалдармен, медициналық куәландыру қорытындысымен және оқиға орнындағы бейнежазбалармен дәлелденді.

Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, аталған бап бойынша көзделген ең жоғары жаза — 30 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.

Бұған дейін, Астанада бұрынғы әйелін аңдыған адам жазаға тартылды.