17:14, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Ақтауда көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары жоспар бойынша іске асырылуда
АҚТАУ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Ақтауда көгалдандыру жұмыстары агротехникалық шаралардың жобасына сәйкес іске асырылуда. Көктемде құрылыс аудандарының шеңберлерінде, шағынаудандар мен қаланың төменгі бөлігінде 1315 ағаш, 16750 бұта немесе

3350 метрлік ағаш шарбақтары, шамамен 2 мың раушан түптері мен 2000 гүлді өсімдіктердің түйнектері отырғызылды.
Ынтымақ алаңы бойында жаңа 10 қыш құмыра орналастырылды. Шамамен 2 гектар алқапта гүлдеп тұрған 670 мың дана гүл өсімдіктері отырғызылды.
Мамыр айынан бастап шағынаудандарда жасыл өсімдіктерді суару басталды. Тек бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 95,4 млн. теңге бөлінді. Жалпы алғанда қаланы көгалдандыру жұмыстарына ағымдағы жылы 300 млн. теңге қарастырылды, олардың 34,8 млн. теңгесі жаңа отырғызылған өсімдіктерге жұмсалды.