Ақтауда «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мембағдарламасы бойынша үй алуға құжаттар қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы» ММ «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасының аясында «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй алуға арыздарды қабылдау басталғанын жариялайды, деп хабарлады Ақтау қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

Ақтауда «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мембағдарламасы бойынша үй алуға құжаттар қабылдау басталды

«Аталған Бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығындағындағы үлгі бойынша арыз беруіне болады», делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органның Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі болуы; 2) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген отбасының басқа мүшелерінің және өтініште көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы; 3) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген отбасының басқа мүшелерінің және өтініште көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы; 4) отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте; а) ең көп - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 15 еселенген мөлшерінен аспайды. 5) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 67 бабы 1 - тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санаты жергілікті атқарушы органының тұрғын үй кезегіне тіркелген болуы тиіс. Құжаттарды қабылдау Ақтау қаласының, 4 шағын ауданында орналасқан, Ақтау қаласы әкімдігінің сервистік орталығындағы №3 терезеде жұмыс күндері: сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады. Арыз қабылдаудың басталуы - 11 қараша 2014 жыл, сағат 9.30 , арыз қабылдауының аяқталуы - 17 қараша 2014 жыл, сағат 17.00. Азаматтар арызбен бірге, келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1) Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды расталған көшірмесі); 2) Неке қию (некені бұзу) туралы құжат, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балаларының туу туралы куәліктері (нотариалды расталған көшірмесі); 3) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жылжымайтын мүлкінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы; 4) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы тиісті елді мекенде тұратынын растайтын мекенжай анықтамасы; 5) Жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама (қаржы институттарына ұсыну үшін) қатысушының және отбасы мүшелерінің; 6) Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжат; 7) Мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың жұмыс орнынан (қызметтен) анықтамасы; 8) «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың тізімінде тіркелгендігі жөнінде анықтамасы.