Ақтауда контейнердегі газ баллоны жарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда 40 тонналық контейнерде газ баллоны жарылды.
Ақтау өрт сөндіру қызметі баспасөз қызметінің ақпаратынша, жарылыс туралы хабар 12 желтоқсанда сағат 08:29 келіп түсті. Жарылыс «АУЭС» ауданында жұмыстық қамту бөлімінің базасына қарсы жерде болған, деп хабарлады lada.kz.
- Оқиға орнына екі өрт сөндіру бригадасы шықты. Жарылыс жеке тұрған контейнерде болды, одан тағы екі вагон зардап шекті. Жарылыс кезінде 1969 жылы туған ер адам ауыр жарақаттанды. Жарылыстан соң өрт болмады, - деп хабарлады өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметінде.
Жәбірленуші облыстық аурухананың реанимация бөлімшесінде жатыр.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарылыс болған контейнерде тұрмыстық заттардың табылғандығын айтты.