Ақтауда Құрманғазыға ескерткіш орнатылды

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақтауда қала күніне орай Ынтымақ орталық алаңында Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Ақтауда Құрманғазыға ескерткіш орнатылды

«Лада» газетінің хабарлауынша, ат мінген күйшінің мүсіні таза қоладан жасалған екен. Тіреуімен қоса есептегенде, ескерткіштің жалпы биіктігі 11,7 метрді құрайды. Ескерткіштің авторы - танымал мүсінші Көшер Байғазиев.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Ақтау қаласы мен Мағыстау облысының басшылығы, сонымен қатар адагерлер, мектеп оқушылары мен студенттер тегіс қатысты.

Хабарланғандай, Ынтымақ алаңына толық жөндеу жұмыстарын қоса алғанда, ескерткішті дайындау және орнату үшін 146 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.