Ақтауда «Күзгі сыйлық» көрме-жәрмеңкесіне 40-тан астам тауар өндірушілер жиналды

«Көрмеден таңдаулы косметика, сапалы иіссу, моншақтар, үйге арналған кәдесыйлар, жібек шарфтар, киізден жасалған үй аяқ киімі, ит терісінен жасалған шұлық және гольфтар, ерлер мен әйелдердің былғары аяқ киімін, Калашников омартасының балын, Алтай балының бірнеше түрін, конфитюрларлардың бірегей түрлерін, бірнеше жидек түрінен жасалған аралас түрлерін де табасыз. Әр түрлі тастармен көмкерілген, алтын және күміс, тіпті бриллианттан жасалған кемінде 10 түрлі әшекей заттар сатып алуға болады», - деп әңгімеледі «ACBC» компаниясының ұйымдастырушы өкілі Әсель Жағыпарова.
Бірінші күннің өзінде мыңға жуық адам келгеніне қарағанда «Күзгі сыйлық» көрме-жәрмеңкесі Ақтау тұрғындарына өте танымал. Бұл өз тауарларын делдалсыз-ақ өткізе алатындықтан тауар өндірушілерге де ыңғайлы. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен де өзара тиімді байланыс орнатуға да мүмкіндік бар.
Көрме 15 қазанға дейін күн сайын «Grand Nur Plaza» қонақүйінің залында таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.