Ақтауда мектеп директорына бір жыл шартты мерзімге үкім шығарылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда орта мектептің басшысына сеніп тапсырылған мүлікке иелік ету ісі бойынша бұрын шығарылған үкім заңды күшіне енді.
«Ақтау қалалық соты №6 орта мектептің директоры мен оның шаруашылық жөніндегі орынбасарына қатысты үкім шығарды. Олар 2011 жылдың желтоқсанынан бастап 2013 жылдың қыркүйегіне дейін қылмыстық сөз байласып, мүлдем жұмыс істемейтін - еден жуушыға заңсыз жалақы төлеген. Екі әйелге де бір жыл шартты мерзімге үкім шығарылды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Алмаз Құнанбай.
Директор Оразгүл Байжанова - ҚР ҚК 176, 314-баптары бойынша кінәлі деп танылып, 63-баптың негізінде шартты түрде жазасын өтейді. Ал оның шаруашылық жөніндегі орынбасары Нұрсұлу Ақсаеваға ҚР ҚК 176-бабы бойынша айып тағылып, 63-баптың негізінде шартты түрде жаза тағайындалды. Үкімде басшының үш жыл ішінде оқытушылық лауазымда жұмыс істеуге құқығы жоқ екендігі айтылған.