Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтіп жатыр

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау қаласындағы № 57, № 62, № 66, № 242, № 247, № 251 және № 263 сайлау учаскелерінде #NauryzSale акциясы аясында ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтіп жатыр
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Жәрмеңкеде тұрғындарға қазақы сүт өнімдері — шұбат, айран, қаймақ, сондай-ақ табиғи бал, үй пісірмелері мен түрлі тәтті тағамдар ұсынылып жатыр. 

Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтуде
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтуде
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Сонымен қатар жергілікті қолөнершілердің ұлттық нақыштағы бұйымдары, кәдесыйлар, әшекейлер және тұрмыстық қолөнер заттары көпшілік назарына қойылған.

Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтуде
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтуде
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімдермен танысып, қолөнер шеберлерінің еңбегін тамашалауда. Мұндай бастамалар ұлттық дәстүрді дәріптеп, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтуде
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтуде
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Жәрмеңкеге келген тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер бұйымдарын сатып алып, мерекелік атмосфераны сезініп жатыр.