Ақтауда пара алған шенеунік 8 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық сотында Маңғыстау облысы Жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының бұрынғы бастығына қатысты қозғалған қылмыстық іс өндірісі аяқталып, сот үкімі шықты, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен.
Басты сот талқылауында зерттелген дәлелдерімен сотталушының кінәсі расталды. Яғни, ол пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасы үшін ақша түрінде пара алған. Ақтау қалалық сотының үкімімен оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостанығынан айырылу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырып, өзіне тиесілі жеке мүлкін тәркілеуді үкім етті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.