Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда сайлауды бақылайтын республикалық қоғамдық комиссия филиалы жұмысқа кірісті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда сайлауды бақылайтын республикалық қоғамдық комиссия филиалы жұмысқа кірісті. Бұған «Ашық сайлауды қолдаймыз» брифингі түрткі болды.

Ақтауда сайлауды бақылайтын республикалық қоғамдық комиссия филиалы жұмысқа кірісті

Комиссия 2005 жылы қоғамдастықтың бастамасымен құрылды. Бұдан бұрын комиссия президенттік, парламенттік сайлауларға қатысқан. Оның белсенділері - қоғам қайраткерлері, ғылыми қызметкерлер, ҚХА мүшелері.

Қоғамдық бақылау аймағын кеңейту, заңды, транспарентті сайлау өткізу мақсатында комиссия барлық қалалар мен облыс аудандарында филиалдарын құруға, белсенді азаматтардан тұратын бақылаушылар желісін ұйымдастыруға, үрдіске қатысатын барлық үміткерлерге тең жағдайды қамтамасыз етуге ниетті.