Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда «Сенің дауысың - сенің тағдырың!» жастар флешмобы өтті (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау жастары «Сенің дауысың - сенің тағдырың!» атты флэшмоб ұйымдастырды, оған 1000-нан астам адам қатысты.

Ақтауда  «Сенің дауысың - сенің тағдырың!» жастар флешмобы өтті (ФОТО)

«Біздің мақсатымыз жастарды сайлауалды науқанға тартуды жандандырып, олардың қызығушылығын ояту. Шараға «Жас Отан», «Қазақстан - 2050» қозғалысы, Ақтау қ. мен Маңғыстау облысының жастар орталықтары, өңір белсенділері мен патриоттары қатысты. «Сенің дауысың - сенің тағдырың» атты ұран жай сөз емес, бұл өмір», - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша «Мәңгілік ел - 2050» қозғалысының өкілі Бауыржан Өтепбаев.

Флешмоб қатысушылары барша қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды.

«Жастарды әлеуметтік желілерге тиісті жарнамалар салып, тартудамыз. Шараға жастар ұйымдарының белсенділері жиналды. Жастар флэш-моб ұйымдастыра отырып, ұйымшыл, белсенді екендіктерін көрсеткеніне қуаныштымыз. Флэшмоб мақсаты - Қазақстан Республикасы жастарын алдағы Президент сайлауына белсенді қатысуға шақыру», - деп атап өтті «Қазақстан - 2050» жалпы ұлттық қозғалысының Маңғыстау облысы бойынша үйлестірушісі Сәкен Мыңбаев.