Ақтауда соғыс ардагері Қайыр Қыдырбаевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Қайыр Хыдырбаев 1920 жылы Маңғыстау облысында туып, 1941 жылы соғысқа аттанған. 2-Беларусь майданы құрамында болып, Украинаның бірқатар қалаларын жаудан азат еткен. 1945 жылдың 25 сәуірінде Германияның Мекленбург провинциясында Анклам, Нойбранденбург, Фридланд қалаларын жаудан азат ету кезінде басынан ауыр жарақат алып, бір көзінен айрылған. Жеңіс күнін Берлиндегі дала госпиталінде қарсы алып, елге 1946 жылы оралған.

«Жеңіс күні қарсаңында әкемнің құрметіне ескерткіш тақта орнатылып жатыр. Осы салтанатты іс-шараға келген әрбір жанға алғыс айтамын. Әкемді сыйлап, оның ұлағатты ғұмырын үлгіге айналдырғандарыңызға рахмет. Бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»,— деді ардагердің ұлы Дулат Қайырұлы.
Айта кетейік, ескерткіш тақта 29-шы шағын аудандағы 15-ші үйге орнатылды.

