Ақтауда соғыс ардагерлері Бердіхан Екібаевтың және Александр Портягиннің мемориалдық тақталары ашылды

АҚТАУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда Маңғыстау облысы прокуратурасының бастауымен соғыс ардагерлері Бердіхан Екібаевтың және Александр Портягиннің мемориалдық тақталары ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және прокуратура ардагерлері Бердіхан Екібаев пен Александр Портягиннің өмірлерінің соңғы кездерінде тұрған үйлерінде мемориалдық тақталарын ашу салтанатты шарасы өткізілді.

Мемориалдық тақталарды ашу салтанатына Маңғыстау облысының прокуроры С.М.Бекбосынов, оның орынбасарлары А.Ы.Тұрсынбеков, Б.Б.Челикенов, Ақтау қаласының прокуроры Е.А.Майлыбаев, облыс прокуратурасы органдарының басқа да қызметкерлері, Б.Екібаев пен А.А.Портнягинның туысқандары және Ақтау қаласы мектептерінің оқушылары қатысты.

Салтанатты шараға қатысушылар үшін (соғыс ардагері А.Портнягин тұрған) Ақтау қаласының 7-ші шағын ауданындағы №18 үй маңында Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы әскери дала кухнясын ұйымдастырды.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік шара Б.Екібаевтың және А.Портнягинның отбасы мүшелері және прокуратура органдары ардагерлерінің шақырылуымен өткізілді.

Ақтау қаласы прокуратурасының және облыстық аппараттың қызметкерлері қонақтар алдында соғыс жылдарындағы әндерді айтып, концерт қойды.

Сонымен қатар, бүгін облыс прокуратурасы органдарының қызметкерлері арасында кіші футболдан және басқа да спорт түрлерінен Ұлы Жеңіс Күніне арналған спорттық турнир жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар