Ақтауда сот банктің қарызға қызмет көрсету үшін ұстаған комиссияларын заңсыз деп таныды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының №2 сотында азамат Х.-ның банк арасындағы заем келісім шартының қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және ұсталған комиссияны кейін қайтару жөніндегі талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Х. мен банк арасында 2015 жылы банк заемы туралы келісім шарт жасақталып, банк Х-ға тұтынушылық мақсатта 1 000 000 теңге несие берген. Алайда талапкер ай сайын қарызға қызмет көрсеткені үшін банкке 5 000 теңге мөлшерінде қосымша комиссия төлеп отырғаны анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімімен азамат Х.-ның талабы қанағаттандырылып, қарызға қызмет көрсеткені үшін талапкерден ұсталған 120 000 теңге комиссия төлемі талапкерге қайтарылды.

Сот құқықтық нормалардың талаптарына сәйкес, талапкердің талабы заңды және негізді, ал банк талапкерге ай сайын қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеуді міндеттеп, талапкердің тұтынушы ретінде құқығын бұзды деп санайды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар