Ақтауда түрлі әлеуметтік саланың 11 көшбасшысы марапатталды (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «Жастар сыйлығымен» марапаттау рәсімі өтті. Қалалық жастар орталығы жариялаған байқау Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Ақтауда түрлі әлеуметтік саланың 11  көшбасшысы марапатталды  (ФОТО)

Байқау кәсіби қызметінде, қоғамдық жұмыста өзін жақсы жағынан көрсеткен жас азаматтарды, жастар қоғамдық ұйымдарын және басқа да ұйымдарды ынталандыру, жастар саясаты мен азаматтық қоғамды қалыптастыруға белгілі бір үлес қосқан жастар ұйымдарының көшбасшылары мен басшыларының беделін арттыру мақсатында өткізілді.

«Байқауда - 11 номинация. Біз өзінің еңбегімен биіктерді еңсере алатын ең дарынды, ақылды, мақсатты, еңбекқор жастарды анықтадық. Әділқазы мүшесінде 5 адам болды. «Жас дарын» аталымын Ерлан Матайбаев ұтты; «Үздік спортшы» - Кестен Фарида, «Үздік көшбасшы» - Ғайни Ғабитұлы, «Жас мұнайшы» - Асқар Нұранов; «Үздік ерікті» - Жансая Сансызбайқызы болды. «Жас журналист» номинациясында Ханым Қуатова, «Жас ғалым» - Саясат Әбдиева жеңіске жетті. Үздік «Жас оқытушы» - Дина Бегебай; «жас мемлекеттік қызметші - Меруерт Сырлыбаева; «Жас ақын» - Болатбек Пайпақова, Нұржан Борашев - «Жас әскери» номинациясында марапатталды», - деді «Атырау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешенінің директоры Әмірхан Құлбаев.

«Жастар сыйлығын» жеңімпаздары дипломдармен және бағалы жүлделермен марапатталды.