Ақтауда үкіметтік емес ұйымдардың Аймақтық ресурстық орталығы құрылмақ

АҚТАУ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтау қаласында биылғы жылы 20-дан астам Үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіретін Аймақтық ресурстық орталық ашылатын болады.
None
None
«Азаматтық альянс» бірлестігінің құрамына енетін қоғамдық ұйымдардан құрылған бұл орталықтың бүгінде орналасатын тұрақ-жайы белгіленіп қойылған. Енді техникалық жарақтандыру мәселелері шешілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ресурстық орталықты құру туралы бастаманы мен былтырдан бері көтеріп жүр едім. Енді облыс басшылығы тарапынан қолдау тауып, жаңа жылды жаңа бастамалармен бастаймыз деп ойлаймын. Қоғамдық ұйымдардың мақсаты отандастарымыздың азаматтық белсенділігін арттыра түсу болса, биліктің мүддесі азаматтық қоғамды жетілдіре түсу. Ендігі кезек азаматтардың өздерінде»,-дейді «Азаматтық альянс» бірлестігінің төрайымы Жақсыгүл Маханбетова.Биылғы жылдың бюджетінде Үкіметтік емес ұйымдардың ауыл-аудандарда бөлімшелерін ашуға қаржы қарастырылған. Соған сәйкес, ресурстық орталықтың жұмысының басым бөлігі де ауылдық жерлердегі қоғамдық белсенділікті арттыруға жұмсалмақ. Мұнда олар жергілікті жұрттың құқықтық, қоғами, экологиялық сауатын жетілдіре түсіп, олардың қоғам өміріне дендей араласуына септік етпек. Оралмандардың бейімделуіне, діни сауаттылыққа, салауатты өмір салтын насихаттауға қатысты ақпараттық-түсіндірме және тренингтік жұмыстарын жүргізбек.
Соңғы жаңалықтар