Ақтауда «Ұрлық» алдын-алу шарасы нәтижесінде гастролерлер құрықталды

АҚТАУ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда «Ұрлық» алдын-алу шарасы нәтижесінде гастролерлер құрықталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімі «Ұрлық» атты алдын-алу шарасы кезінде қызылордалық ағайындарды оннан астам эпизодты пәтер ұрлығы қылмысымен әшкереледі.

Сондай-ақ 1977 жылы туылған азамат И. А-ні 27-ші шағынаудан, 5-ші үйдің қасында ұрып-соғып заттарын тартып алған деген күдікпен Өзбекстан елінің екі азаматы ұсталып, дәлелді заттар тәркіленіп, олар өз кінәларын мойындап, тергеу амалдары жалғасын тауып жатыр.

Сонымен қатар, Ақтау қаласы ІІБ қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында Тау елінің «гастролер» екі азаматы құрықталды.

21 қаңтар 2010 жылы екі грузин азаматы келіп, Ақтау қаласы 3-шағынаудандағы «Керемет» қонақ үйінен нөмір жалдайды. Келу мақсатына қарай олар сол күні-ақ, 11-шағынаудан, 15-үй, 29- пәтерге ұрлыққа түсіп, фотоаппарат, ақша, ұялы телефон, алтын т.б.заттарды жымқырып кетеді.

Осы істердің барысын естіген Ақтау қаласы ІІБ полиция қызметкерлері әрбір кездескен өзге ұлт өкілдерінің барлығын тексеруге алады.

Нәтижесінде 23 қаңтар күні 7-шағынаудан учаскелік полиция инспекторлары өз учаскелік аймағында жүрген Тау елінің екі азаматын кездестіреді.

Олардың келу құжаттарының заңға сәйкес емес екендігі де анықталады.

Тау елінің екі азаматы Горгодзе Теймураз Ролландович 1970 жылы туылған, Гобэт Жишвили Малхасомарович 1971 жылы туылған, екеуі де УҰА-на жабылып, тергеу амалдары жалғасуда.

«Қазақ халқы кең әрі бейқам халық, құшағын кеңге жайып кімді болса да қойнына сыйдыра берері анық, әйтсе де біздің аңқаулығымызды пайдаланып, алаяқтықпен келген «гастролерлерге» де төтеп берері шындық» дейді Ақтау қаласы ІІБ МТжАБ инспекторы Н.Нұрманов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум