Ақтауда үш балабақша ашылды (ФОТО)

Қолданысқа берілген нысандарда балаларға арналған ойындар алаңы, медициналық кабинеттер, шаруашылық бөлімі мен өзге де инфрақұрылымдық құрылымы бар, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында осы айдың аяғына дейін 29-шы шағын ауданда тағы бір балабақша № 61 «Сұлтан» ашылады. 12-ші шағын аудандағы № 32 «Ақшағала» балабақшасындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мектепке дейінгі тәрбие беретін бес мекемеде Ақтау қаласының 1400 баласы тәрбие алмақ.
Сонымен қатар, қазіргі таңда бұрын жалға берілген 4 балабақша ғимаратын мемлекетке қайтарып, жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін 16 млн. теңге қаржы бөлінді. Осындай қарқынмен Елбасымыздың 2020 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығындағы балаларымызды балабақшамен қамтамасыз ету туралы міндетін толығымен орындаймыз», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.