Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда «V жазғы Спартакиада жетістіктері - Жеңістің 65 жылдығына арналады» атты спорттық-музыкалық шара өтіп жатыр

АҚТАУ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда «V жазғы Спартакиада жетістіктері - Жеңістің 65 жылдығына арналады» атты спорттық-музыкалық шара өтіп жатыр,

Ақтауда «V жазғы Спартакиада жетістіктері - Жеңістің 65 жылдығына арналады» атты спорттық-музыкалық шара өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басталғанына айға жуықтаған шара барысында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жалғасуда.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің басын қосқан кезекті спорттық шаралар «Жас қанат» спорт кешенінде де өтті.

Маңғыстаулық спортшылар алаңға шығып, өз өнерлерін көрсетті.

2008 жылы аспанасты елінде өткен жазғы олимпиада ойындарында көк байрағымызды көкке көтерген Марид Муталимов, жерлестеріне қолдау көрсетуге сонау Махачкаладан арнайы келді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Облыстағы спорт орталығында өткен шарада облыстық таэквондо федерациясының спортшылары өнер көрсетті.

Маңғыстау аймақтық дене шынықтыру орталығының директоры Бақыт Ыбраевтың айтуынша,Елбасының «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында: «Біз - олимпиада жеңімпаздарының ізбасарларымыз!» ұранымен ұйымдастырылған мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің 5-ші жазғы спартакиадасының биылғы ерекшелігі байқалмай қалмады. Шараға қатысушылардың саны 2 есеге артқан.

Кезінде Әмин Тұяқов, Шоқыр Бөлтекұлы секілді даңқы жер жарған ағаларының ізін қуған Маңғыстаулық спортшылар, олардың жеткен жеңістерін қайталамақ.

Спартакиадаға қатысушылардың саны 8000-ға жетті, спорттың 24 түрінен сайысқа түскен олар, барлығы 300 медальға таласады.

Жаскүйер қауымға «Жас қанат» спорт кешенінің есігі айқара ашық. Қазіргі уақытта қыздар арасында волейболдан ашық турнир өтуде. Сондай-ақ орталық алаңда футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Оған Ақтаудағы 26 орта мектептен құралған 6 команда қатысуда. Спартакиаданың қорытындысы мамырдың 25-де белгілі болады.