Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қыз 6 күннен кейін табылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасы мәлімдеді.

Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қыз 6 күннен кейін табылды
Фото: видеодан алынған кадр

16 қазаннан бері іздестіріліп жатқан жасөспірім Жаңаөзен қаласынан табылды.

«Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды, – делінген полиция хабарламасында.

15 жастағы жасөспірім таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарланған болатын.

Ақтауда террористік акт жасамақ болған тұрғын 18 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар