11:20, 02 Қазан 2009 | GMT +5
Ақтауда жауған қатты нөсер салдарынан 70-ке жуық ағаш құлады
АҚТАУ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда жауған қатты нөсер салдарынан 70-ке жуық ағаш сынып, құлады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтау көшелеріндегі ағаштардың тамыры жерге терең енбеген. Себебі, жер асты тау - тасты болып келеді. Ақтау қаласының өзі тасты жерде орналасқан. Сондықтан егілген ағаш тамыры жердің бетіне жайылады да тамыры тереңге енбегендіктен қатты жел мен жаңбырға шыдамай құлауда», дейді «Көктем» директоры Мұхит Мұратбайұлы.
Қазіргі таңда сынған ағаштарды «Көктем» қызметкерлері жинап алып жатыр.