Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда жедел жәрдем қызметін шақыртушылар көбейген

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдық жұмыстың нәтижесі бойынша Ақтау қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек стансасының диспетчерлері 45 мың 456 мың шақырту тіркеген. Бұл шақырту санының артқандығын көрсетеді. 2015 жылдың осы кезеңінде 40 мыңнан астам шақырту тіркелген, яғни 5 пайызға (2 мың 647) жоғары.

Ақтауда жедел жәрдем қызметін шақыртушылар көбейген

«Бірінші жартыжылдықта биіктен құлап кету оқиғасы екі есе артып, 26-ға жеткен. 2015 жылы алты айда - 14 тіркелген. Өзіне қол салу бойынша шақырту (өткен жылғы - 74, биыл - 68), жол көлік оқиғасы (былтыр- 134, биыл- 127), суға кету (былтыр - 10, биыл - 3), есірткі тұтыну (40, биыл 29) бойынша шақыртулар азайған.

Ақтауда қалалық ауруханадан тыс 1 шағын ауданына жақын аурухана қалашығы аумағында 28 шағын аудандағы бұрынғы автовокзал ғимаратында тағы бір қосалқы станса жұмыс істейді. Ол жоғары шағын аудандар мен Шығыс тұрғын үй алқабының тұрғындарына, яғни, 184 мың қалалыққа қызмет көрсетеді.

«Күн сайын желіге 17 бригада келеді. Үш ай бұрын тағы 3 «шұғыл» бригада жұмыс істей бастады, олар 18.00-ден түн ортасына дейін шақыртуларға шығады. Осылайша, тәулігіне 20 жедел жәрдем жұмыс істейді. Станса диспетчерлері төрт ауысымда жұмыс істеп, тәулігіне 260-қа дейін шақырту қабылдайды. Жүрек қан тамырлары ауруларымен науқастарға келу уақыты 12 минутқа дейін қысқартылды. Дәрі-дәрмектер, көліктер бар. Жалғыз проблема - дәрігерлердің жетіспеуі», - деді Ақтау қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек стансасының бас дәрігері Болат Тайшыбаев.

null null