Ақтауда жылу желісіндегі апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауда 15-шағын ауданда жылу желісі жарылып, ыстық су жиналған шұңқырға 11 жастағы жеткіншек құлап, күйіп қалған еді.

Алматыда 6 шақырымға жуық жылу желісі жаңартылды
Фото: Алматы әкімдігі

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға кінәлілер анықталған.

- Осы оқиға бойынша «Сапасыз құрылыс» дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Кінәлілер анықталды, - делінген хабарламада.

Ал зардап шеккен жасөспірім әлі де ауруханада ем алып жатыр. Оның екі саны мен балтырын ІІ-ІІІ дәрежелі күйік шалған. Дәрігерлер науқастың жағдайы тұрақталғанын жеткізді.

Бұған дейін Ақтауда жылу желісінде болған апат кесірінен жасөспірімнің күйіп қалғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар