Ақтауда жол көлік апатына түскен оқушының жағдайы ауыр

Алматы
Фото: Kazinform

АҚТАУ. KAZINFORM – Кеше Ақшұқыр ауылында мектеп оқушылары автокөлікті айдап кетіп, жол көлік апатына түскен болатын. Екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Көлікте тағы екі оқушы болған. Олар ауруханаға жеткізілен еді. 

— Бір оқушының жағдайы ауыр. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің бақылауында. Тағы бір оқушыға медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілді, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum