Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтаудағы автогаз кезегіне қатысты әкімдік түсініктеме берді

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтауда әлеуметтік желілерде автогаз құю бекеттеріндегі кезекке қатысты бейнежазбалар тарағаннан кейін қала әкімдігі сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жағдайына түсініктеме берді.

Қозоғистонда бензин, дизель ёқилғиси ва автогаз нархлари
Фото: Kazinform / Freepik

Әкімдіктің мәліметінше, 2026 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша қалада 32 автогаз құю стансасы жұмыс істеп тұр. Барлық бекетте сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы бағасы литріне 72 теңгені құрайды.

– Жергілікті әкімдіктің мониторингіне сәйкес, автогаз құю стансаларындағы жағдай тұрақты. Қала сыртындағы бекеттерде орта есеппен 3-тен 15-ке дейін автокөлік кезекте тұрса, кейбір автогаз құю стансаларында кезек мүлде жоқ, – деп хабарлады әкімдіктен.

Әкімдік автогазбен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Тұрғындарға тек ресми ақпарат көздеріне сүйену ұсынылды.

Айта кетейік, бұған дейін жыл басынан бері Қазақстаннан жанармайды заңсыз алып шығудың 600-ге жуық әрекетінің жолы кесілгені хабарланған болатын.