Ақтаудағы ұшақ апаты: аман қалған жолаушылардың тізімі белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда Баку-Грозный рейсінде болған ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Kazinform.

Аман қалған жолаушылардың тізімі белгілі болды 
Фото: Видеодан алынған кадр

2024 жылғы 25 желтоқсанда сағат 10:58-де 1-санаттағы және шұғыл шақырту түсті. 

Жедел жәрдемнің 22 бригадасы, АМО-дан (апаттар медицинасы орталығы) 6 бригада және 4-санатты жедел жәрдемнің 2 бригадасы жөнелтілді. 

Облыстық көпсалалы ауруханада (бұдан әрі – ОКА) 30 хирургиялық және травматологиялық төсек және 10 реанимациялық төсек дайындалды.

Сонымен қатар, жеке клиникалардан «Софимед» ЖШС 10 хирургиялық және травматологиялық төсек және 2 реанимациялық төсек, «Нейрон» ЖШС 10 хирургиялық және травматологиялық төсек және 4 реанимациялық төсек, «Ясин-Атамекен» ЖШС 10 соматикалық төсек дайындады.

Барлығы – 60 хирургиялық, травматологиялық және соматикалық төсек және 26 реанимациялық төсек.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен барлығы 29 адам бар: оның ішінде 27 адам ОКА-ға жеткізілді. Жеткізілген 27 адамның 11-інің жағдайы ауыр, олар жансақтау бөліміне жатқызылды.

Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала түсті, оларға ота жасауға дайындалып жатыр. 

Денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнынан 4 адамның денесі табылғанын атап өтті.

Жеткізілген 27 адамның ішінде жағдайы ауыр 10-ы жансақтау бөліміне жатқызылады. ОДБ-ға 2 бала жеткізілді: 

1. Арсбаефа Мариям 13.08.2013 жылы туған, алдын ала диагнозы: жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың шайқалуы. Бет, мұрын және жамбас аймағының соғылуы мен жарақаты. Жамбастың сынуы.

2. Джерова Салихат Хазриловна 22.01.2008 жылы туған, алдын ала диагноз: жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың шайқалуы. Сол жақ жіліншіктің ашық сынығы. 1-2 дәрежедегі травматикалық шок. 

Көпбейінді облыстық ауруханаға түскендердің тізімі:

1

Асанов Ринат

03.11.2004 ж.т.

Қырғызстан

2

Османов Т.

20.08.1998 ж.т.

Қырғызстан

3

Джумалиев Е.

04.07.1988

Ресей

4

Евстегнеева К.

30.07.1990

Ресей

5

Байрамзара А.

28.03.2004

Әзербайжан

6

Алиев З.

05.06.1998

Әзербайжан

7

Жалелов Н.

01.09.1992

Әзербайжан

8

Мамедов З.

17.08.1988

Ресей

9

Сираков Н.

17.03.1953

Әзербайжан

10

Арысбаева М.

06.02.1980

Ресей

11

Асадов С.

15.08.1967

Әзербайжан

12

Бисекеева Д.

1970 ж.т.

Ресей

13

Караев Н.

07.06.1988

Әзербайжан

14

Сейдахматова М.

1975 ж.т.

Ресей

15

Кадиров Г.

28.05.1978

Әзербайжан

16

Разимли А.

20.09.1999

Әзербайжан

17

Эдиев У.

15.09.1969

Ресей

18

Белгісіз

аты Азой

Ресей

19

Джапаров Т.

26.04.1992

Әзербайжан

20

Дережиев Т.

09.01.1959

Әзербайжан

21

Дирбисиков С.

12.30.1986

Әзербайжан

22

Папахов С.

30.10.1976

Ресей

23

Кафа Ш.

26.01.1981

Әзербайжан

24

Белгісіз Лейла

1996 ж.т.

Әзербайжан

25

Рахимов С.

30.10.1976

Ресей

26

Белгісіз әйел

32 жас

белгісіз

27

Белгісіз әйел

40 жас

белгісіз

28

Арсбаева М.

(бала)

13.08.2013

Германияда тұрады

азаматтығын білмейді

29

Джерова С.Х.

(бала)

22.01.2008

Әзербайжан

Қазір апат орнында жұмыс тоқтатылды. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы басында 4 адамның денесін анықтады, қалған ақпарат ТЖД мәліметтерінен кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.

ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар