Ақтаудағы Битум зауытының құрылысы жеделдетілетін болады-С. Мыңбаев

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Маңғыстау облысында Битум зауытының құрылысын салу жұмыстары жеделдетілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыста Битум зауыты құрылысының жобасы жүзеге асырылатын мерзім - 2010 жыл екенін айтқан С. Мыңбаев: « Қаражанбас кен орнынан шикізат жеткізу жөніндегі тиісті меморандумға қол қойылды. Бұл жерде негізгі мәселе жобаға атсалысатын шетелдік инвесторға қатысты болып отыр. Менің түсінгенімдей, «Самұрық-Қазына» қоры делегациясының Қытайға жасаған соңғы сапарының аясында «Сити Групптың» бұл жобаға қатысуы жөнінде принципті келісімге қол жеткізілді. Біздің ойымызша, бұл жоба жеделдетілетін болады», деді.Айта кетейік, ақпанның 24-гі Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысындағы битум өндіретін зауыттың құрылысын жылдамдатуды тапсырған болатын. Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин зауыттың құрылысын 2009 жылдың екінші жартысында бастауды жоспарлап отырғанын айтты. Оның айтуынша, битум өндіретін зауыт Ақтау пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың базасында орналасатын болады.
Соңғы жаңалықтар