07:59, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Ақтаудағы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты сот отырысында 16 куәгерлерден жауап алынды
АҚТАУ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтау өтіп жатқан атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолданумен қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланған деп айыпталған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша кешегі сот отырысы куәгерлерден жауап алумен одан әрі жалғасты,

деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот отырысында 16 куәгерден жауап алынды.
Келесі сот отырысы бүгін сағат 10.00-де басталады.