Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 5-шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінен әйелдің денесі табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды

Әйелдің мәйіті табылғандығы туралы ақпаратты айтып, біреу полицияға 25 сәуірде сағат 22:30-да қоңырау шалған.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәйіт 5-шағынаудандағы үйлердің бірінің пәтерінен табылды.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,-деп толықтырды баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылдауда.