22:12, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Ақтаудың 29-шағынауданында салынатын жаңа балабақшаға 150 млн. теңге бөлінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 29-шағынауданда салынатын балабақша құрылысына 150 млн.теңге бөлінді, деп хабарлады «Лада» ақпараттық порталы.

Сондай-ақ таяудағы уақытта 4 балабақша қайтарылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ада Ким мәлім етті.
Сессияда сондай-ақ қаланың 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті қаралды.
Ада Кимнің айтуынша, 2014 жылдың бюджеті нақтыланып, 308 млн. теңгеге ұлғайды, ал шығыстары 311 миллион теңгеге көбейтілді. Соның ішінде Абай атындмағы мәдени делмалыс кешенін күрделі жөндеуді жалғастыруға 250 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. Тағы 5 млн. теңге үш деңгейлі жүйемен біліактілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбекақысын арттыруға қарастырылды.