Ақтаудың тергеу абақтысынан қылмыскер қашып кетті - ІІД бастығы

АҚТАУ. 19 маусым. ҚазАқпарат -  Бүгін таңертеңгі сағат 6 шамасында Ақтау қаласындағы тергеу абақтысынан төртінші рет істі болып отырған 25 жастағы Денис Бородин қашып кетті.

Ақтаудың тергеу абақтысынан қылмыскер қашып кетті - ІІД бастығы

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД бастығы Мейірхан Жаманбаев мәлімдеп отыр.

Денис Бородин ұрлық үшін ұсталған болатын. Ол терезе торын бұзып, далаға апатты жағдайда шығатын жол арқылы қашып шыққан.

Қазір аталмыш фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалатын болады. Қаладан шығар жолдарға арнайы жасақталған топ жіберілді.

Облыстың бас полицейінің айтуынша, қылмыскер жуықарада ұсталуы тиіс. Егер ол өз еркімен берілетін болса оған қосымша жаза тағайындалмайды.