Ақтаудың үш тұрғынына «Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудың үш тұрғынына «Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді. Үміткерлердің аты-жөні қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында белгілі болды.

Ақтаудың үш тұрғынына  «Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді

Олардың арасында Әділбек Ниязымбетов, Ердос Жаңабергенов сияқты боксшыларды тәрбиелеген Марат Жакиев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы, ҚР құрметті құрылысшысы, қазақша күрес федерациясының президенті Орақ Аяпов пен аты Ақтау экономикалық лицеймен тығыз байланысты, Білім беру ісінің үздігі Людмила Рябова бар.

Өкінішке орай, марапаттау рәсіміне тек Л. Рябова ғана қатыса алды, ал Орақ Аяпов пен Марат Жакиев сол кезде қалада болмаған.

«Маған Ақтауға келіп, осындай керемет адамдармен кездесу, талантты оқушылармен жақсы ұжымда жұмыс жасау бақыты бұйырды. Қаламыздың өркендеуі үшін бұдан ары да еңбек ете беремін», - деді Л. Рябова.

«Комиссия таңдаған үш үміткер де облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Оларды қала тұрғындары жақсы таниды», - деді Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин,