Ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды
АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтаулық Эдгар Мамедов еліміздің ең жас халықаралық гроссмейстері атанып, Қазақстанның жаңа рекордын 14 жасында орнатты.

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, Эдгар Мамедовтың үш гроссмейстерлік ұпайы мен ФИДЕ рейтингі 2492 болды. Қажетті 2500 ұпайға оған небәрі 8 ұпай жетпей қалған. Сондықтан ол «Sharjah Masters International Chess Championship 2025 - A» супер турнирінде алғашқы екі турды сенімді түрде өткізіп, жетпейтін баллдарын жинап, ресми түрде гроссмейстер атағын иеденді.
- Эдгар Мамедов - 14 жасында GM (халықаралық гроссмейстер) атағын алған Қазақстанның алғашқы шахматшысы. Маңғыстау облысының тарихындағы алғашқы гроссмейстер, - дейді «Дебют» шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымов.
Бұған дейін, Бибісара Асаубаева әйгілі гроссмейстер Сергей Карякинді қалай жеңгенін айтқан болатын.
Астанаға әлемнің ең мықты гроссмейстерлері келді.