Ақтаулық полицейлердің дрифті: ІІД тексеріс нәтижелерін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда электромобильмен әртүрлі маневрлар жасап, көңіл көтерген полицейлер жұмыстарынан қуылды. Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті қызметтік тексеріс нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз сайтына сілтеме жасап.

Ақтаулық полицейлердің дрифті: ІІД тексеріс нәтижелерін жариялады

«Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша екі полиция қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, жұмыстарынан босатылды», - мәлім етті Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, әлеуметтік желіде қос полицейдің су жағасында қызметтік электромобильмен дрифт жасап жүрген видеосы жарияланған еді.

Мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілген болатын.