Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтаулық жүргізуші оқушыны қағып, оқиға орнынан бой тасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында ПАЗ маркілі жолаушылар автобусының жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақтаулық жүргізуші оқушыны қағып, оқиға орнынан бой тасалады

Жол-көлік оқиғасы 10 қазан күні сағат 21-00-де жол бойында орналасқан «Басқұдық» дүкенінің жанында болды, деп жазады Lada.kz.

«Жүргізуші оқиға орнынан бой тасалады. Ал, көлік қаққан бала алған жарақаттарынан оқиға болған жерде көз жұмды. Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында жүргізуші табылды, ол 1970 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. Ол тергеу оқшаулағышына жеткізілді. Ал, автобус айып тұрағына қойылды»,-деп хабарлады Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Әбіл.

Аталған факті бойынша, байқаусызда адам өліміне алып келген жол ережесін бұзу және жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кету әрекеттері бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.