23:33, 21 Тамыз 2014 | GMT +5
«Ақтөбе» 0:1 есебiмен «Легияға» жол бердi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасы аясында «Легиямен» кездескен «Ақтөбе» 1:0 есебiмен қарсыласына тiзе бүктi.

«Ақтөбе» қорғаушылары матч бойы өте сауатты қорғанып, өткiр шабуылдарға шығып отырды.
Ойынның 26-минутында Валерий Коробкин есеп ашатын жүз пайыздық мүмкiндiктi пайдалана алмады. Тиiмдi тұстан доп алған ол қақпадан биiк тептi. Екiншi таймның басында қазақстандық футболшылар өз қақпаларына доп енгiзiп алды. Қорғаушылардың назарынан тыс қалған Дуду өз командасының мерейiн үстем еттi. Және бұл осы матчтағы жалғыз гол болды.
Ендi қарымта матч 28 тамызда Варшавада өтедi.