Ақтөбе 140 жылдық мерейтойын тойлауға даярлануда

АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ертең ақтөбеліктер өздерінің сүйікті қалаларының 140 жылдығын тойлайды.
None
None

Әзірге Ақтөбеде даярлық жұмыстары қызу жүргізілуде.

 Қала тулармен, плакаттармен, билбордтармен безендірілген, орталық алаңда - облыстық әкімдіктің алдындағы алаңда қаланың гербі орнатылған. «Жол картасы» бағдарламасының арқасында көшелер жөнделді, кейбірінде жөндеу жұмыстары жалғастырылуда.

Қаланың 140 жылдығына орай бірнеше нысандар пайдалануға берілмекші. Мысалы «Нұрғасыр» мешіті мен Әулие-Никольск шіркеуінің аралығында сулы-жасыл бульвар салынуда. Мұнда «Шаңырақ» монументі орнатылған.

Қала мерейтойының негізгі салтанаты ертең Орталық стадионда басталады. Мерекеге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар