Ақтөбе агломерациясын дамыту мәселелері қаралды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе агломерациясын дамыту мәселелері Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағынның төрағалығымен өткізілген кезекті аппараттық жиналыста қаралды.
None
None

Қала әкімінің орынбасары Қуантқан Әлімов хабарлағандай, барлық жұмыстар 6 бағыт бойынша жүргізілуде, ол 66 іс-шаралардан тұрады. Қазіргі уақытта соның 27-сі орындалған, 39-ы жүзеге асырылу сатысында. Бұл жұмыстар Ақтөбе агломерациясын дамытудың іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде, деп жазады «Ақтөбе» газеті.    

Бүгінгі күні Ақтөбе агломерциясын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жаңа жобасы әзірленді. Аталған жоспар аясында агломерацияны мақсатты дамытуды іске асыруға мүмкіндік беретін 10 жаңа негізгі бағыт анықталды, соның ішінде транспорттық-логистикалық орталық, индустриалды-инновациялық орталық; индустриалды-аграрлық аймақ, озық шағын және орта бизнес, медициналық кластер, смарт сити және заманауи білім беру кластері, спорттық жетістіктер және салауатты өмір ұстанымы, заманауи мәдени орталық, жасыл белдеу және Ақтөбе агломерациясы таза экологиясы бағыттары бар.  

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Дүниежүзілік банкпен бірлесе бағдарламаны экономикалық зерттеуді жүзеге асыру аясында қазіргі уақытта «Қалалық агломерацияның Шымкент және Ақтөбе қалаларының орталықтарында стратегиялық және институционалдық жол картасын әзірлеу» тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шараның жүзеге асырылу мерзімі 2016 жылдың аяғына дейін деп белгіленді.

Ағымдағы жағдайды толығырақ зерттеу, даму перспективалары мен бағыттарын анықтау, жаңа мамандандыру мен әлеуметтік-экономикалық айқындау жоспарланған.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырысына сәйкес, «Госградкадастр» РМК Ақтөбе облысы әкімдігімен бірлескен қала құрылысы құжаттамасы - Ақтөбе агломерциясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеу жұмыстары басталды.  

Қ.Әлімов атап өткендей, аталған өңіраралық схемада агломерацияны дамытуда өңіраралық және салааралық мүдделестік үйлесімділігі, заманауи әлемдік тенденцияны есепке алған агломерация аумағын  анық функционалдық аймақтандыру, агломерацияны дамыту мақсатында жерге түгендеу жүргізу, аумақты сақтық қорда сақтау арқылы ерекше қала құрылысын реттеуге аймақ орнату, қала инфрақұрылымын үйлестірілген дамыту  орталығы, қала маңы, тартылыс аймақтары мәселелері қарастырылатын болады.   

2016 жылдың 30 мамырында «Госградкадастр» РМК өкілдерінің қатысуымен Ақтөбе қаласының проблемалары айқындалған жиналыс өткізілді. Жиналыс қорытындысы бойынша «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Госградкадастр» РМК мамандарымен бірлескен Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, индустриалдық аймақ, Ақжар-2 және Оңтүстік-батыс 1,2 тұрғын үй-массивтері аумағын бірлескен түрде зерттеуді қолға алды.

Аталған жұмыстар аясында халықтың орналасуына талдау жұмыстары жүргізіліп, баға  берілетін болады, соның ішінде Ақтөбе қаласы агломерация аймағына әсер ететін орын алған тенденцияларды анықтау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз етілуі мақсатындағы демографиялық жағдайларға және миграциялық үдерістерге талдау жүргізіп, баға беру іске асады.   

Сонымен қоса, «Госградкадастр» РМК тарапынан агломерацияның зерттеу аумағына кіретін елді мекендер санын 152-ге дейін арттыру ұсынылды. Осыған байланысты өңіраралық схеманы әзірлеген соң және Дүниежүзілік банк тарапынан өткізіліп жатқан зерттеулердің қорытындысын алғаннан кейін, қажет болған жағдайда Ақтөбе агломерациясын дамытудың іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу болжанады.  

Өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес, 2017 жылы Батыс өңірлердің өңіраралық схемасын бекіту жоспарланған. Содан соң Ұлттық экономика министрлігі Ақтөбе агломерциясының Өңіраралық схемасын 2017 жылдың 4-ші тоқсанында бекітуі жоспарланған.   

Екі жыл ішінде агломерация аумағында іс-шаралар жоспарын іске асыруда 1,8 мың жаңа жұмыс орындарының ашылуымен құны 216,9 миллиард теңгеге Индустрияландыру картасының 13 жобасы іске асырылды.  

Транспорттық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдары жақсарып келеді, есепті кезеңде 4 мың орындық білім берудің 12 нысаны, спорт бойынша 10 нысан және 30 ойын алаңы, денсаулық сақтау бойынша 11 нысан пайдалануға берілді, 514 километр газ құбыры, 134 километр су құбыры, 44 километр кәріз, 69 километр жылу желілері және 189 километр автокөлік жолдары салынды, жаңғырту жұмыстары жүргізілді, қайта қалпына келтіру, қайта жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Есепті кезеңде агломерация халқының саны 3,7%-ға өсті және 596,5 мың адамды құрады.    

Мәселелерді талқылау қорытындысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын бірқатар нақты тапсырмалар белгіледі, соның ішінде қысқа мерзім ішінде Ақтөбе агломерациясы картасын әзірлеп бітіру ерекше күн тәртібінде тұр.    

 Н.ДАБЫЛОВ.  

 

Соңғы жаңалықтар