Ақтөбе әкімі қаладағы колледждер мен лицейлердің студенттерімен кездесті

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе әкімі Архимед Мұхамбетовтың кезекті халыққа есеп беру жиналысы кеше түстен кейін Ақтөбе политехникалық колледжінде өтті.
None
None
Онда әкім арнаулы орта оқу орындары мен кәсіптік-техникалық лицейлердің оқушыларымен және оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Архимед Мұхамбетов өз сөзінде облыс орталығын дамытудың 2008 жылғы жұмыс қорытындыларын, сондай-ақ өткен жылғы кездесулердің қорытындылары бойынша азаматтардан келіп түскен сауалдардың шешілуімен таныстырды. Кездесуге қатысушылар өз кезектерінде, әкімге бірқатар сауалдар қойды. Олар бірнеше оқу мекемесі орналасқан Гришин көшесінде қоғамдық көліктердің санын арттыру, онда жеке полиция бекетін ашу, жас мамандарды жұмысқа тұрғызуға көмектесу қажеттіліктері туралы айтты.
Соңғы жаңалықтар