Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе әкімі Сазды ауылдық округының халқымен кездесті

АҚТӨБЕ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде қала әкімі Архимед Мұхамбетов есеп беру кездесулерін бастады.

Ақтөбе әкімі Сазды ауылдық округының халқымен кездесті

Кеше әкім Сазды ауылдық округының халқымен кездесті.

2 380 адам тұратын бұл округте екі елді мекен бар, Сазды ауылы мен Орманды ауылы. Бұл жерде және де Бауырластар-1, Бауырластар-2 және Сазды-2 құрылыстары бой көтеруде.

Кездесуде Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов былтырғы жылы Сазды ауылдық округының халқы көтерген мәселелердің қалай шешіліп жатқандығы туралы айтып өтті. Атап айтқанда, 2010 жылы қала әкімдігі Сазды кентін газдандыру мәселесін шешіп, тұрғындардың өтініші бойынша Сазды тас жолын жөндеуден өткізген.

Ал бұл кездесуде ауыл халқы әкімге орталықтандырылған су жеткізу мәселесі, тас жолдан Сазды кентіне дейінгі жолды жөндеуден өткізу секілді сұрақтар қойды.

Архимед Мұхамбетов қазіргі таңда жаңадан салынып жатқан Бауырластар-1, Бауырластар-2, Орманды кентін газбен қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқандығын мәлім етті.

«Биыл біз ауыл аймақтарды дамыту үшін көп күш саламыз, әсіресе, жақында ғана Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы мәселелерді, соның ішінде ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жайын шешеміз», - деді әкім.

Ауыл халқы қала әкімімен болған кездесуге қанағаттанатындықтарын айтып, 2011 жылдағы жоспарлар да жүзеге асады деген сенімдерін жеткізді.

Бүгін қала әкімі Қурайлы ауылдық округының халқымен кездеседі.