19:57, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Ақтөбе-Алға тас жолындағы апатта 4 адам қаза болды
АҚТӨБЕ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше «Ақтөбе-Алға» тас жолының 11 шақырымында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 адам жан тәсілім етті, деп хабарлады ІІД.

30 жастағы ақтөбелік, «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі Бестамақ кентінен Ақтөбе қаласына бара жатқан жолда, ауа райының қоласыздығын ескермей, қарсы бағытқа шыға отырып «Toyota Prado» көлігімен соқтығысты.
Орын алған апат салдарынан «ВАЗ-2115» көлігінің аты-жөні анықталмаған жолаушысы, 45-50 жастардағы ер адам алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында жан тәсілім етті.
Жүргізуші және «ВАЗ-2115» көлігінің 34 және 36 жастардағы екі жолаушысы түрлі жарақаттармен теміржол ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда олар есін жимастан көз жұмды.
Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар белгіленді.