Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолында болған жол апатында бір адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілді

АТЫРАУ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысында болған жол апатының салдарынан бір адам қаза тауып, түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттар алған жеті адам ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолында болған жол апатында бір адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілді

«Жол-көлік оқиғасы Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолында болды. Құлсары тұрғыны «Мерседес» жеңіл көлігін жүргізіп, тіркемесі бар жүк тиейтін көліктен озу әрекетін жасағанда оған тиіп, аударылды. Тас жолымен келе жатқан «Жигули» көлігінің жүргізушісі тежегішке басып үлгермей, тоқтап қалған жүк көлігіне соқтығысты. «Мерседестің» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Екі жеңіл көлік жүргізушілерін есептегенде тағы 7 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жүк көлігінің жүргізушісі, Беларусь азаматы ғана зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.